Тоқаев: Барлық бизнестің бір ғана қолда шоғырлануы елді алаңдатуда

Тоқаев: Барлық бизнестің бір ғана қолда шоғырлануы елді алаңдатуда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бизнестің бір қолға шоғырлануы мемлекет үшін қауіпті үрдіс екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент реформалар жөніндегі жоғары экономикалық кеңес отырыстарының бірінде Қазақстанда олигополия бар екенін айтқанын еске алды.

"Мен дәл осы тезисті Парламентте 11 қаңтарда қайталадым. Мұнда қатысқандардың бәрі олигополияның классикалық анықтамасын біледі деп үміттенемін. Бизнестің бір қолға шоғырлануы, кәсіпкерлікке қабілетті басқа адамдардың айналысу мүмкіндігі болмауы барлық мемлекет үшін қауіпті үрдіс саналады.

Біздің жағдайда бұл ерекше күшпен көрінді. Олигополия - бизнесті әртараптандыруға тұрақты ұмтылыс, бірақ бұл ел экономикасын әртараптандыру үшін емес. Яғни, сол адам немесе сол компания өндіреді, өңдейді және банктермен жұмыс істейді және басқа да көптеген бизнестерді жүзеге асырады, ал қалғандары тигенін алады", - деді Тоқаев.