Тоқаев шетелге ақша әкетіп жатқандарды тексеруге тапсырма берді

Тоқаев шетелге ақша әкетіп жатқандарды тексеруге тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев капиталды шетелге шығару қаупі жоғары екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Қазақ үні тілшісі.

"Төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты жекелеген қаржы-өнеркәсіп топтарының капиталын шетелге шығару қаупі жоғары. Оның ішінде жалған келісімшарт жасасу арқылы. Жеке тұлғалардың шоттарында қозғалыстар барын тіркедік. Сондықтан Ұлттық банкке ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, барлық транзакция мен елден негізсіз қаражат шығаратын тұлғаларды нақты бақылауды және тексеруді қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.