Тоқаев: Бірқатар қалаларда ҰҚК департаментінің басшылары борышына адалдық таныта алмады

Тоқаев: Бірқатар қалаларда ҰҚК департаментінің басшылары борышына адалдық таныта алмады

Бірқатар қалаларда ҰҚК департаментінің басшылары борышына адалдық таныта алмады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Қазақ үні тілшісі. 

«Шетін жағдайда Қорғаныс министрлігі мен мемлекеттік қызметтегі әскери қызметшілер абыроймен көзге түсті. Бірақ бәрі бірдей өзінің борышына адалдық танытқан жоқ. Бірқатар қалаларда Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылары жеткілікті әскери арсенал болғанына қарамастан, қызметтік ғимараттарды ондағы қару мен құпия құжаттармен бірге айқассыз тастап кетті», - деді Мемлекет басшысы Мәжәліс отырысында.