Жансейіт Түймебаевтың ұлы бүлікшілер қолынан қаза тапты

Жансейіт Түймебаевтың ұлы бүлікшілер қолынан қаза тапты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ж.Түймебаевтың ұлының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты жалған ақпарат тарамас үшін оқу орының баспасөз қызметі ресми ақпарат берді. 

«6 қаңтар күні кешкі сағат 18.35 минут шамасында Алматыда комменданттық сағат басталмас бұрын, Елнар Н.Назарбаев көшесімен жоғары көтеріліп, үйіне қайтып келе жатқан. Қ.Сәтпаев көшесіне жетпей, қиылыста тоқтап тұрған сәтінде күтпеген жерден көлігіне белгісіз адамдар бірнеше рет оқ атқан. Ол алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды»,- делінген хабарламада. Қазіргі сәтте құзырлы органдар тиісті тергеу амалдарын жүргізуде.