ІІМ: Қазақстан бойынша 5135 адам ұсталды

ІІМ: Қазақстан бойынша 5135 адам ұсталды

Бүкіл еліміз бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 5 135 адам ұсталды. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кісі өлтіру, билік өкіліне зорлық-зомбылық жасау, қарулы шабуыл бұзақылық және ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі 125 іс тергеліп жатыр.