Поезд үстінде селфи жасамақшы болған бала тірідей өртеніп кетті
2021 ж. 28 желтоқсан
1705
0
ҚТЖ қазақстандықтарға теміржол көлігі нысандарында мұқият болуын сұрайды, - деп хабарлайды Қазақ үні.
Теміржолда балалардың қатысуымен қайғылы жағдайлар жиілеп кетті – соңғы үш күнде екі жасөспірім қайтыс болды.
Мәселен, ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында Тараз станциясында пойыз вагонында селфи жасау әрекеті кезінде 15 жастағы жасөспірім түйіспелі сымдағы токтан қаза тапты.
Осыған ұқсас оқиға бүгін, ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында Алматы станциясындағы қабылдау-жөнелту паркінде орын алды. Селфи жасаған екі жасөспірім жоғары кернеулі ток разрядын алды. Олардың бірі сол жерде қайтыс болды. Аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ қазақстандықтарға теміржол көлігі нысандарында мұқият болуды және өз өмірлеріне қауіп төндірмеуді сұрайды.
Теміржол көлігі – жеке қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды қажет ететін қауіпті аймақ. Жаяу жүргіншілер көпірлерін, төсемдерді пайдалана отырып, жақындап келе жатқан пойыздың жоқтығына көз жеткізіп барып, белгіленген орындардан темір жолдарын кесіп өту қажет. Теміржолдарда, пойыз вагондарында фото және бейне түсірмеңіз. Жоғары кернеулі сымдардың жанында, перрондарда, сүріну оңай қауіпті жерлерде суретке түсуге қатаң тыйым салынады. Ешқандай да керемет кадр денсаулығыңызға немесе өміріңізге татымайды.