Енді ішкі рейстерге цифрлық жеке куәлікті пайдалануға болады

Енді ішкі рейстерге цифрлық жеке куәлікті пайдалануға болады

Бұдан былай қазақстандықтар цифрлық жеке куәлікті ішкі тұрақты рейстерде пайдалана алады. ҚР Президентінің тапсырмасымен еліміздің барлық әуежайларында цифрлық құжаттар қызметі (eGov Mobile) енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz

Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile-да авторландырылған пайдаланушы "цифрлық құжаттар" қызметіне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдау қажет.

Әуежайдың тіркеу тағанында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде сервисте жасалған QR-коды бар смартфонның экранын көрсетуі тиіс.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Азаматтық авиация комитетінің, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-ның, Қазақстан Республикасының әуе компаниялары мен әуежайларының және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның бірлескен жүйелі жұмыстарының арқасында мүмкін болды.