Курчатов тарихындағы жаңа кезең

Курчатов тарихындағы жаңа кезең

Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласы 1991 жылға дейін Семей ядролық сынақ полигонының орталығы болды. Тәуелсіздік алғаннан, елдің ядролық қарудан бас тартуынан және полигонның жабылуынан кейін бұл елді мекеннің өмірі түбегейлі өзгерді. Курчатовтықтар 90-шы жылдардағы барлық қиындықтарды бастан өткерді. Алайда, бүгінде қала жаңа серпіліспен, тыныспен алға ұмтылуда. 

16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Осы кезеңде елдің саяси жағдайы өзгеріп, экономика нарықтық жолға өтті. Халықтың әл-ауқаты өсіп, әлеуметтік сала дамыды. Мемлекеттік шекаралар бекітіліп, қоғамның топтасуы, аумақтың тұтастығы қамтамасыз етілді. 

Қазақстан Республикасының және Курчатов қаласының тәуелсіз даму тарихы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. 

Полигонды жабу және ядролық қарудан ерікті түрде бас тарту туралы Елбасының шешімін әлемдік қауымдастық Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы маңызды жетістіктерінің бірі ретінде таниды.

"Семей ядролық полигоны жабылып, әскерилер кеткеннен кейін қаала іші қаңырап бос қалды. Бастапқыда қала халқы 55 мыңнан астам адамды құрады, содан кейін - 6 мыңнан аспады. Ондаған көп пәтерлі тұрғын үйлер мен мәдени нысандар қирады. Алайда, Қазақстанның дамуымен Курчатов қатар дамыды. Бірте-бірте халық саны артып, қала қайта жандана бастады. 2021 жылы қала халқының саны 13 мыңға жуық адамды құрады", - деп еске алады қала тұрғындары.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде Курчатов қаласы барлық қалалық құрылымдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қазіргі заманғы елді мекенге айналды. Ол базалық қала құраушы кәсіпорын Ұлттық ядролық орталық болып табылатын, оның ғылыми-зерттеу институттары, сынақ алаңдары бар моноқалалар мәртебесін алды. 

Ұлттық ядролық орталықтың дамуы мен ядролық технологиялар паркінің құрылысы қаланы көркейте түсті. Шағын және орта бизнес дами бастады.

2013 жылы Үлбі металлургия зауытының филиалы - байыту фабрикасы ашылды. "Балапан көлігі" ЖШС - де айтарлықтай өзгерістер болды.

Білім беру саласында да үлкен өзгерістер болды. №1 орта мектеп ғимараты қайта жаңғыртылып, онда мемлекеттік тілде оқытатын мектеп ашылды. 2017 жылы оқушылары мемлекеттік тілде оқитын №4 мектеп ғимараты пайдалануға берілді. 2013 жылы мемлекеттік тілде тәрбиелейтін және оқытатын "Күншуақ" балабақшасы пайдалануға берілді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 150 орындық "Тополек" балабақшасын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Музыка мектебі толық жөндеуден өткен жеке ғимаратқа ие болды.

Достық үйі ашылды. Сондай-ақ, мәдениет үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. 

Қаланың инфрақұрылымы айтарлықтай жақсарып келеді. Соңғы 10 жылда 15 тұрғын үй қалпына келтіріліп, 45 жер учаскесі ЖТҚ иелеріне берілді.

Облыстық бюджет есебінен мемлекеттік коммуналдық меншікке төрт көппәтерлі тұрғын үй сатып алынып, "Нұрлы Көш"бағдарламасы бойынша пайдалануға берілді. Жайлы тұру және бос уақытты өткізу үшін балалар және спорт алаңдары бассейн салынып, аллеялар, скверлер мен жағалаулар қалпына келтірілді. Қала толық абаттандырылып, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін көшедегі бейнебақылау камералары орнатылуда.

 "Біздің қала, бүкіл ел сияқты, болашаққа сеніммен қарайды. Біз оның қаншалықты өзгергенін, таза, әдемі және жайлы болғанын көреміз", - дейді курчатовтықтар.