Бірқатар азамат «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алды
2021 ж. 13 желтоқсан
1575
3

Аса үздік жетістіктері үшін бірқатар азаматқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдызды және «Отан» орденін тапсыру туралы ҚР Президентінің Жарлығы шықты. "Қазақ үні" бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылсын:
Әшімов Әкім Ұртайұлы – жазушы, Нұр-Сұлтан қаласы.
2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Төлетаев Мұхтар Есенжанұлы – «Онкология орталығы» МКК бас дәрігері, Нұр-Сұлтан қаласы
Хмелев Александр Леонидович – «Казцинк» ЖШС бас директоры, Шығыс Қазақстан облысы.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 13 желтоқсан
№ 711