Жұмыссыз жүрген үржарлықтар жұмысқа орналасты

Жұмыссыз жүрген үржарлықтар жұмысқа орналасты

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Осыған орай Үржар ауданы әкімдігі мен халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесіп бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Мұндағы мақсат жұмыссыз жүрген тұрғындарды жұмысқа орналастыру. Жәрмеңкеге жұмыс беруші ретінде «Даур» кафесі, «Тарбағатай» ұлттық паркі, ТОО «Саланг-SECURITY» және шаруа қожалықтар мен жеке кәсіпкерлер қатысты. Жұмыс іздеп жүрген 30 азаматқа жолдама беріліп, соның ішінде 15 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.