Полиция пунктерінің саны артады
2021 ж. 06 желтоқсан
408
0

Бес жылда облыста 23 жаңа учаскелік полиция пункті салынады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиевтің Семей әкімі Бақытжан Байахметовпен өткен кездесуі барысында айтылды.
Полиция учаскелерін көбейтудегі мақсат – облыс тұрғындарына тәртіп сақшыларының қызметін қолжетімді ету. Сонымен қатар полицейлер жаңа техникамен және көліктермен қамтамасыз етіледі.
– Біз полиция қызметінің тұрғындар үшін қолжетімді болуын қамтамасыз еткіміз келеді. Осы мақсатта бес жыл ішінде 23 учаскелік полиция пунктін салуды жоспарлап отырмыз. Бүгінде жеті модульдік пост ашылды, оның бесеуі – Өскеменде, екеуі Семейде орналасқан. Сондай-ақ қызметтік көліктер мен компьютерлік техника сатып алу көзделуде. Қазір бірінші учаскелік полиция пункті өз жұмысын бастап кетті, – деді Сағат Мәдиев.
Оның айтуынша, учаскелік инспекторларға 20 қызметтік көлік беріліпті. Бұл іс-шаралар полиция жұмысының сервистік моделін енгізу жобасы аясында атқарылып жатыр. Айта кетейік, полиция жұмысының сервистік моделі адамдардың қорғалу дейгейі мен олардың билік органдарына деген сенімін арттыруға бағытталған.