Аягөздің жас сарбаздары «Айбын-2021» жиынына қатысып, жүлделі орынға ие болды

Аягөздің жас сарбаздары «Айбын-2021» жиынына қатысып, жүлделі орынға ие болды

Аягөздің жас сарбаздары «Айбын-2021» облыстық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып, жүлделі орынға ие болды.

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметінен хабарлағандай, аталмыш іс-шара облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, сондай-ақ білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл байқауға Аягөз қаласындағы қазақ мектеп-лицейінің «Жас артиллеристер» командасы да қатысқан болатын.

Жалпы, биылғы жиынның бағдарламасы «Туған жерім менің – Қазақстаным!» челлендждер байқауы, белтемірге тартылу, АК-74 автоматын бөлшектеп-жинау, газтұтқышты кию сынды кезеңдерден тұрғанын айту керек.

Тартысты өткен сайыс қорытындысында әскери істі жетік меңгерген «Жас артиллеристер» командасы жалпыкомандалық екінші орынға ие болды.

Атап өтер жайт, биылғы «Айбын-2021» жиыны ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орайластырылды.