Алтайда мерекелік концерт өтті

Алтайда мерекелік концерт өтті

Алтай қаласы да той-думаннан қалыспақ емес. Аудан орталығында Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылып, туған жердің гүлденуіне көп жылдар бойы аянбай тер төккен аудан тұрғындары марапатталды.

ҚР Тұңғыш Президенті күні – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының тарихи еңбегінің айғағы. Бұл мерекелік күнді Алтай ауданының үздік шығармашылық ұжымдары өнер көрсеткен жарқын концертпен қарсы алды. Сондай-ақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.

Тұңғыш Президент күні – бұл жай ғана мереке емес, ел басқарған жылдары ішінде мемлекетте бейбіт саяси стратегияны құрып, Қазақстанды әлемдік аренаға шығарған адамға алғыс білдіру.