ШҚО-да "Желтоқсан оқиғасының" қатысушыларына санаторийге жолдама берілді

ШҚО-да "Желтоқсан оқиғасының" қатысушыларына санаторийге жолдама берілді

Шығыс Қазақстан облысында «Желтоқсан оқиғасының» қатысушыларына санаторийге жолдама берілді.

Өңірдегі білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін 23 педагог 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасына" қатысқан. Оларға Тәуелсіздік тойының қарсаңында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың тапсырмасы бойынша облыстық білім беру қызметкерлері кәсіподағының атынан «Щучинский» санаторийіне тегін жолдамалар берілді.

Облыстық білім басқармасы Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды марапаттап, салтанатты түрде сапарға шығарып салды. Педагогтер санаторийде 6-15 желтоқсан аралығында демалады.