ШҚО вакцинация бойынша республикада көш бастап тұр

ШҚО вакцинация бойынша республикада көш бастап тұр

Бүгінгі таңда вирусқа қарсы күресудегі ең тиімді әдіс - бұл вакцинация. Вакцинация деңгейі бойынша Шығыс Қазақстан елдің басқа өңірлері арасында республикада көш бастап тұр.

Облыста 343 егу кабинеті ашылып, ауылдарда жылжымалы пункттер мен мобильді кешендер ұйымдастырылды.

Вакцинациялауға жататын халықтың 90,0% - ға жуығы және 97,5% - ы 1-ші компоненті бойынша толық егілген.

Сондай-ақ, өңірдегі 39 ковидтік бөлімшеде қажетті орын саны қамтамасыз етілгенін айта кеткен жөн.

Медициналық ұйымдарда 90 күнге жететін дәрілік заттар мен жеке қорғаныс құралдарының қоры бар.