30 жылда жұмыссыздық деңгейі азайды – ШҚО

30 жылда жұмыссыздық деңгейі азайды – ШҚО

Тәуелсіздік жылдары Шығыс Қазақстан облысы ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге қол жеткізді. Ең бастысы, өңір халқының тұрмыс-тіршілігі жақсарды.

Отыз жыл ішінде ішінде жалпы өңірлік өнім көлемі, 2,5 млрд. теңгеден, 5,2 трлн. теңгеге дейін өсті.

Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім, 1,5 мың теңгеден, 3,8 млн. теңгеге дейін ұлғайды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 780 миллионнан 780 миллиард теңгеге дейін артты.

Жұмыссыздық деңгейі 11-ден 4,8 процентке дейін азайды.

Шығыс өңірі Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамаларын табысты іске асырып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қойылған міндеттерді абыроймен орындап келеді.