Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінінің алдын алу жұмыстары жүргізілді

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінінің алдын алу жұмыстары жүргізілді

Облыста 497 көшкінжинақ бар. Өскемен-Самар, Өскемен-Алтай, Согорное – Барлық, Берел – Рахман қайнарлары (Катонқарағай ауданы), Зубовка – Путинцево, Лениногорск-Чекмарь кеніші автожолдарының бойындағы учаскелер аса қауіпті болып табылады. Облыста өткен мол жауын-шашын мен жел көшкін қаупі бар ошақтарда қардың еру қаупінің туындауына алып келеді.

Қазселденқорғау және ШҚО ТЖД мамандары көшкіндердің өздігінен құлауының алдын алу мақсатында "Өскемен-Самар" тас жолында 92-101 шақырымға профилактикалық түсулер жүргізді.

"4 жарылыс жасалды. 790 текше метр қар шығарылды", - деді Қазселденқорғау ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.

Алайда, өңірде қар көшкіні қаупі сақталуда. "Халыққа тауда болған кезде ережелерді сақтау керек. Көшкін қаупі бар ошақтардың жанынан өтіп бара жатқанда өте мұқият болу керек, қауіпті беткейлердің жанында тоқтамау керек" - деп атап өтті ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Алексей Штыкель.