Өскеменде өрт сөндірушілер 30 адамды, оның ішінде 14 баланы құтқарды

Өскеменде өрт сөндірушілер 30 адамды, оның ішінде 14 баланы құтқарды

Протозанов көшесінде орналасқан үйде тұрғындар 9-қабаттағы пәтерден келе жатқан қалың түтінді сезінді. Олар дереу "101" қызметіне хабарласты. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері ешкім жоқ түтінделген тұрғын үй-жайға кіріп, жанып жатқан жиһазды тапты. Қауіпсіздік мақсатында өрт сөндірушілер алты тұрғынды дереу эвакуациялап, "Вахта"жылы автокөлігіне орналастырды.Өрт 6 шаршы метр алаңда толығымен жойылды.

Көкжал Барақ көшесінің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты. Оқиға орнына келген құтқарушылар бірінші кезекте түтін аймағынан 30 тұрғынды, оның ішінде 14 баланы оттегі маскаларының көмегімен құтқарды. Сондай-ақ, құтқару үшін автосаты тартылды. Өртті сөндіруге барлығы 30 қызметкер мен 8 техника жұмылдырылды. Оқиғаның себебі балалардың отпен ойнауы болды.

ШҚО ТЖД еске салады: өрттің туындау ықтималдығын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау арқылы азайтуға болады.

Кішкене балаларды пәтерде жалғыз қалдырмаңыз, сіріңкелерді, оттықтарды жасырыңыз, оны олардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.

Пәтерде темекі шегуге болмайды.

Бір уақытта бір электр розеткасына электр желісін шамадан тыс жүктейтін бірнеше қуатты электр тұтынушыларын қоспаңыз.

Электр сымдарының ақауларын қадағалаңыз, зақымдалған электр құрылғыларын, электр розеткаларын пайдаланбаңыз.

Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.