Өзбекстан Президенті мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтанға келді

Өзбекстан Президенті мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтанға келді

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Нұр-Cұлтан қаласына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көрші мемлекеттің көшбасшысы елордаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді, деп хабарлайды Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда мәртебелі мейманның құрметіне құрметті қарауыл сап түзеді.

Өзбекстан басшысын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Көшбасшылар қысқаша сөз алмасты.

Сапардың негізгі іс-шаралары 6 желтоқсанда өтеді. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту, мәдени-гуманитарлық байланысты кеңейту мәселелері талқыланады. Мемлекет басшылары өңірлік және халықаралық саясат мәселелері бойынша да пікір алмасады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша 20-дан астам құжатқа қол қою көзделген.