Елорда әуежайы уақытша жабылды

Елорда әуежайы уақытша жабылды

Нұр-Сұлтанда қалың қар жаууына байланысты әуежай уақытша жабылып, рейстер кешігеді.

Түнгі сағат 2:30-дан бастап жауған қалың қарға байланысты елорда әуежайы уақытша жабылды. Әуежайдың ұшу-қону жолағын тазарту жұмыстары жүргізіледі. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 рейс ұшуға, 9 рейс келуге (қосымша аэродромға жіберілген) кейінге қалдырылды. Нұр-Сұлтан әуежайының ұшу-қону жолағы сағат 9:00-де ашылады. Жолаушылардан әуекомпанияның ақпарат қызметтеріне хабарласуын сұраймыз, - делінген Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының баспасөз қызметі хабарламасында.

Кешіктірілген рейстер:

KC956, Алматы

FZ 1706, Дубай

КС 921 Франкфурт

КС 407 Шымкент

DV 741 Ақтау

КС 207 Дубай

КС 981 Атырау

КС 622 Алматы

КС 7315 Қызылорда

SU 1957 Москва

КС 123 Ташкент

КС 977 Ақтөбе.

Кешіктірілген ұшып келу рейстері:

IQ 386 Қарағанды

DV 722 Ақтөбе

КС 984 Атырау

КС 7328 Шымкент

КС 314 Ақтау

КС 138 Санкт Петербург

FZ 1705 Дубай

SU 1956 Москва

КС 918 Алматы