КЕСЕЛГЕ ШАЛДЫҚПАУДЫҢ ЖОЛЫ – ЕКПЕ АЛУ
2021 ж. 19 қараша
752
0

Облыста коронавирус жағдайы тұрақталып келеді. Кейінгі екі аптада індет жұқтыру 0,3%-дан 0,2%-ға дейін төмендеген. Вируспен сырқаттанудың ең жоғарғы өсу қарқыны Балқаш ауданында 0,6%, Ескелдіде 0,4%, Қараталда 0,3%, Талғарда 0,4%, Сарқанда 0,5%. Талдықорған қаласында 0,3% көлемінде. Соңғы тәулікте КВИ-дің 55 жағдайы тіркелді. Өсу қарқыны
0,2%, оның ішінде 44 симптомдық және 11 симптомсыз жағдай. Елу бес жағдайдың төртеуі 14 жасқа дейінгі балалар.
Денсаулық саласынан алынған мәлімет бойынша, облыс аумағында індетпен сырқаттанушылық Балқашта 1, Еңбекшіқазақта 4, Ескелдіде 5, Жамбылда 4, Іледе 8, Қарасайда 2, Қараталда 1, Панфиловта 3, Сарқанда 3, Талғарда 3, Ұйғырда 2, Талдықорғанда 18, Текеліде біреу. Бір тәулік ішінде стационардан 30 сырқат шығарылды. Бір адам үй оқшаулауынан босатылды. Вакцина салдыруға ерекше көңіл бөлінуде. Себебі, кеселге шалдықпаудың бірден бір жолы екпе алу. Бүгінге дейін облысқа барлығы 326 325 доза вакцина келіп түсті. Вакцинаның бірінші компонентімен 249 733 адам егілді. Екіншісімен 149 998. Вакцинацияларды салдырушылар арасында мемлекеттік қызметкерлер 9848, медицина қызметкері 20 523, педагогтар 32 494, бұқаралық ақпарат құралдары 109. Сондай-ақ, созылмалы аурулары бар адамдар да (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесі) салдырған. Індеттің қарқыны басылып келеді. Жағдайды тұрақтандыру үшін сақтық шарасын сақтауымыз керек.
Гүлжан МҰҚАШҚЫЗ