Алматы облысында 13 спорттық-сауықтыру кешені іске қосылды

Алматы облысында 13 спорттық-сауықтыру кешені іске қосылды

Алматы облысында спорт саласы бойынша 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, соның екеуі биыл Балқаш және Райымбек аудандарында пайдалануға берілді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Спикер Елбасының 100 спорттық кешен салу туралы тапсырмасына орай және бұқаралық спортты дамыту мақсатында қолданысқа берілген 13 ДШО-ға қосымша тағы төрт дене шынықтыру–сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізіліп жатқанын жеткізді.

- Астана күнінде Талдықорған қаласында Орталық Азияда теңдесі жоқ жабық жүзу бассейнін аштық. Қазір мұнда 1126 бала жүзумен айналысады, қосымша тағы 2 мың бала қабылданады. Бассейн салу - әлеуметтік нысандар құрылысындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігінің жемісі, - деді А. Баталов. 

Өз сөзінде спикер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне де тоқталды. Оның айтуынша, ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4,7 млрд.теңге бөлінген. 154 қызметтік автокөлік сатып алынуда, қосымша 250 бейнебақылау камерасы орнатылды, тұрғын үймен біріктірілген төрт учаскелік полиция пункті салынды, 16 жаңа өрт сөндіру бекеті құрылды.