Түркістанда шаруа қожалықтары 380 миллионның субсидиясын заңсыз тіркеткен
2021 ж. 09 қараша
937
0
Түркістан облысында сегіз шаруа қожалығының басшыларына қатысты субсидияны заңсыз иелену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шаруа қожалықтарының басшылары "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия алуға өтінім берген кезде жалған мәліметтерді көрсеткен.
Атап айтқанда, олар Ресей Федерациясынан ірі-қараны сатып алуды және әкелуді растайтын жалған құжаттарды ұсынған. ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық инспекциясының деректеріне сәйкес аталған заңды тұлғалар ірі қара мал сатып алуға өтінім жібермеген және оларды РФ-дан әкелу бойынша бағыттық қағаздарды алған жоқ, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агентігінің баспасөз қызметі.
Аталған шаруа қожалықтарына заңсыз төленген субсидиялардың жалпы сомасы 380 миллион теңгені құрады, ал несиенің жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асты.