Қазақстанда электр энергиясы қатты қымбаттап барады
2021 ж. 01 қараша
957
0
Қазақстан бойынша электр энергиясының тарифтері 6,2%-ға көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен қатар, елде электр энергиясын тұтыну күрт өсті: бірден 7%-дан жоғарылады.
2021 жылдың үш тоқсанында электр энергиясын өндіру 83,6 млрд кВт•сағ құрады, бұл былтырғыға қарағанда 7,7%-ға артық.
Барлығы үш өңірде энергия өндіру артқан (Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары). Қалған аймақтар энергияға тапшы, олардың көпшілігінде тұтыну өндірістен бірнеше есе көп", –делінген Ranking.kz зерттеуінде.
Тұтынудың ұлғаюы еліміздің барлық өңірлері бойынша тіркелген, ең көбі – Қызылорда (жылына 16,5%-ға), Батыс Қазақстан (14,3%-ға), Ақмола (14,2%-ға), Түркістан (12,7%-ға) және Алматы (11,4%-ға) облыстары.
Тұтынудың ең жоғары жылдық өсімі Батыс қазақстан (28%-ға), Түркістан (15%-ға) және Ақмола (13%-ға) облыстарында байқалды.
Электр энергиясына тарифтері тоғыз айдың қорытындысы бойынша 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда ел бойынша орташа есеппен 6,2%-ға көтерілді.
Анықтама үшін: бұрын, 2020 жылдың осы кезеңінде сектордағы тарифтердің жылдық өсуі 3,2%-ды құрады, ал 2019 жылы халық үшін баға 6,8 %-ға төмендеді.