Қаржы министрі «Ауыл – Ел бесігі» жобасының жүзеге асырылуы барысымен танысты
2021 ж. 01 қараша
423
0

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Түркістан облысындағы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік нысандарды аралады.
Қаржы министрлігінің басшысы Ордабасы, Бәйдібек, Қазығұрт аудандарының білім және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын барып көрді.
Сондай-ақ, Е.Жамаубаев Шымкентте аудан, қала әкімдері мен басқа да мемлекеттік органдардың қатысуымен қорытынды кеңес өткізді.
Қаржы министрі облыстық бюджетке «Ауыл-Ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 14,9 млрд теңге бөлінгенін атап өтті.
бұдан бөлек, республикалық бюджеттен облысқа жан-жақты көмек көрсетілуде. Биылдың өзінде субвенция көлемі 392 миллиард теңгені құраса, оның 305 миллиард теңгесі облысқа аударылған.
Сонымен қатар, 2019-2021 жылдар аралығында Үкімет резервінен 116,6 млрд теңге беріліп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды басым міндеттерін іске асыруға 318 млрд теңге нысаналы трансферттер бөлінді.