Доллар күрт қымбаттады
2021 ж. 28 қазан
1391
0
Қазақстан қор биржасы (KASE) сағат 11.00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 427,59 теңгені құрап, бірден 1,55 теңгеге көтерілгенін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айырбас пункттерінде америкалық долларды 427,5-428,9 теңгеден, еуроны 496,3-498,3 теңгеден, рубль-6,05-6,10 теңгеден саудалануда.
Сонымен қатар, мұнайдың әлемдік бағасы 28 қазанда сауда-саттық барысында төмендеді.
Желтоқсан айындағы WTI мұнай фьючерстері 1,42%-ға төмендеп, барреліне $81,24 құрады.
Желтоқсан айындағы жеткізіліммен Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,49%-ға төмендеп, барреліне $82,38 болды.