«Ақ жол»: Ғалымдар қағазбастылықпен емес, ғылыммен айналысу керек

«Ақ жол»: Ғалымдар қағазбастылықпен емес, ғылыммен айналысу керек

Мәжіліс депутаты А. Жұмабаева «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының атынан ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовке депутаттық сауал жолдап, бюрократиялық жүктеме және ғылыми зерттеулердің алымдары туралы мәселені көтерді.

"Қазақ үні" ақпарат агенттігі сауалдық толық мәтінін ұсынады. 

***

Депутаттық сауалды Мәжіліс депутаты Айгүл Жұмабаева жолдады

Президент биылғы Жолдауында ғылымды дамытуды аса маңызды басымдық ретінде белгілеп, ғалымдарымыздың алдына бір қадам алда болу, тренд қалыптастыру сияқты ауқымды міндеттер қойды. Бұл ғылым мен отандық ғалымдарға ерекше назар аударуды талап етеді. Соңғы жылдары қазақстандық ғылым саласында оң өзгерістер болып жатқанын, бірақ бұл ретте ғылыми ұжымдардың атмосферсы мен олардың ғылыми нәтижелеріне теріс әсер ететін үрдістер бар екенін атап өткен жөн.

Біріншіден, біз бүгінгі таңда барлық жерде практикалық жұмысты алмастыратын шексіз есептер туралы айтып отырмыз. «Ақ жол» демократиялық партиясына уақыттарының көп бөлігі балаларға сабақ беру мен науқастарды емдеуге емес, қағазбастылыққа кететіндігі айтып педагогика және медицина қызметкерлері жиі шағымдарымен жүгініп тұрады. Енді бұл сәтсіз тәжірибе ғылымға да жетті.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ережелеріне сәйкес ғылыми зерттеулерді іске асыру үшін гранттық қаржыландыру мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеусіз беріледі. Орындаушы уәкілетті органға жыл сайынғы аралық есепті биылғы жылдың 25 желтоқсанына дейін және қорытынды есепті жылдың 10 желтоқсанына дейін ұсынуы тиіс.

Алайда, іс жүзінде бәрі басқаша. Жыл сайын, 3 жыл ішінде жартыжылдық, алдын ала жылдық, одан кейін қорытынды есептер тапсырылады.

Есептер электрондық және қағаз форматта қатты мұқабада ұсынылады. Бірқатар мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында жоба басшыларынан орындалған жұмыстардың ай сайынғы актілері де талап етіледі, сонда жылына барлығы 12 акті.

Бұдан басқа, Ұлттық сараптама орталығы жобаларды орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді. Мониторингтік комиссия бір ай бойы жұмыс барысын тексеріп, ғалымдарды зерттеу жұмыстарынан алшақтатады.

Олар қашан жұмыс істейді?

Нақты ғылыми зерттеу өте көп уақытты қажет етеді әрі ұзаққа созылатын процесс екенін түсіну керек. Бүгінгі таңда гранттың ең ұзақ мерзімі – 3 жыл. Бұл ретте зерттеушілерге бөлінген уақыттың едәуір бөлігі есептер

дайындауға және мониторинг жүргізуге жұмсалады, ал бұл күтілетін нәтижелерге теріс әсер етеді.

Ғалымдардың пікірінше, мұндай қатаң бақылау биліктің сенімсіздігін білдіреді, яғни ғылым қайраткерлерінің ар-намысын, қадір-қасиетін төмендетеді және ғылыми зерттеулерге қажетті уақытты алады. Шын мәнінде, ғалымдар күдікті тұлғалардың орнына қойылған секілді.

Ғалымдардың пікірінше, Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы, Ғылым комитеті сынды ғылыми құрылымдардың өздері бақылауды қажет етеді. Бұған соңғы 5-7 жылдағы ғылыми жобаларға арналған конкурстарда орын алған дау-дамайлар дәлел. Ғалымдар осы жылдар ішінде гранттарды бөлудегі проблемалар туралы айтып жүр.

Олар сараптама нәтижелерін елемей, ғылыми жобаларды таңдаудың ашық еместігін, кеңестердің біліксіз құрамын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, 2015-2017 жылдарға арналған конкурс қорытындысы бойынша Ұлттық кеңестің 40-тан астам мүшесі грант иегерлері болды.

Мұндай жанжал 2018-2020 жылдарға арналған гранттарды бөлу кезінде де болды. «Ақ жол» депутаттары екі жағдайда да ғылымды дамытуға арналған бюджет қаражатын бөлу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдайларды тергеуді талап етті. Президент өз үндеуінде Ұлттық ғылыми кеңестің шешімдерінің объективтілігі мәселесіне де назар аударды.

Президент шешуді талап ететін тағы бір мәселе ретінде ғалымдар жалақысынығ лайықты деңгейін атады. Соңғы жылдары ғылымды қаржыландыру да, профессор-оқытушылар құрамының да жалақысы еселеп өсті. Бірақ ғалымдардың көптеген өтініштеріне қарағанда, жоғары оқу орындары жанындағы Ғылыми зерттеу институттардың мәртебесі әлі күнге дейін реттелмеген.

Жоғары оқу орындалы жанындағы ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарының жалақысы 2006 жылдан бері өзгерген жоқ. Жоғары оқу орындарының басшылығы ғалымдардың ғылыми жобалар бойынша ақша табуға мүмкіндігі бар деп санайды. Бірақ ғылыми жобалар қаражатынан еліміздің бірқатар жетекші жоғары оқу орындарында соманың 10-15%-ын ұстап қалу тәжірибесі қолданылады. Бұл тәжірибені заңсыз салық салу деп атауға болады, ол Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 6 тамыздағы конкурстық құжаттама туралы бұйрығына тікелей қайшы келеді, онда: «Жобаларды орындаушы ұйымға бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудан қаражат ұстауға жол берілмейді»,- делінген.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Сізден көрсетілген мәселелерді қарауды әрі оларды шешу үшін қажетті шаралар қабылдауды сұраймыз.

Бұл Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру, ғылымды дамыту мен қазақстандық ғалымдарды қолдаудағы маңызды қадам болады деп санаймыз.

Құрметпен, «Ақ жол» фракциясының депутаттары