Ауылшаруашылығы министрлігі Үкіметтің дәрменсіз екенін көрсетті – «Ақ жол» фракциясы
2021 ж. 13 қазан
1466
0
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азамат Әбілдаев «Ақ жол» демократиялық партиясы фаркциясы атынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. Склярға депутаттық сауал жолдап, ауылшаруашылықты субсидиялау мәселесін көтерді.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның пікірінше, фермерлер жем-шөп қымбаттап тұрған шақта малды ұстауға қауқарсыз, бордақылау алаңдары малға бағаны көтере алмайды, өйткені бордақылау құны өсіп кетті. Ал халықтың сатып алу қабілетінің төмендігі және әлеуметтік шиеленістің жоғары болуына байланысты ет бағасын көтеру қиын.
«Ақ жол» фракциясы осы орайда фермерлерге ешбір қосымша анықтама құжаттарын талап етпей оңайлатылған әрі түсінікті схема бойынша несиелер мерзімін ұзарту немесе қайта құрылымдауды ұсынды.
– Фермер қандай жағдайда несие бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға, жедел өтінім беруге, сондай-ақ несиеге мақұлдау алуға болатынын түсінуі тиіс. Бұл мемлекетке ешбір қосымша қаражат шығынын келтірмейді. Аграрлық несие беру корпорациясы әрбір арыз берген шаруаның несиесін таңдаулы түрде емес, жаппай созу керек, - делінген депутаттық сауалда.
Әбілдаевтың пікірінше, Ауылшаруашылық министрлігі азаматтарды халыққа көмектесуге шақырып, еріктілерге үміт артып, қызметкерлер еңбекақысын қорға аударуда.
– ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі азаматтарға көмек көрсетуде үкіметтің дәрменсіз екенін көрсетуде, - деді депутат.