Олимпиадаға бөлінген ақшаның қайда кеткеніне аудит жүргізіледі
2021 ж. 13 қазан
1158
0
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылғы Олимпиадаға дайындыққа бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланылуына аудит жүргізеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Есеп комитеті Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына дайындыққа бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізуде, - делінген Тергеу комитетінің хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар сегіз қола медаль жеңіп алды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құраманың қорытынды нәтижесі – сегіз қола медаль және жалпы командалық есепте 83-ші орын Қазақстанның спорттық әлеуетіне және мемлекеттің спортты дамытуға қосқан елеулі қаражатына сәйкес келмейтінін мәлімдеген.
Оның айтуынша, ұлттық құраманың Олимпиадада өнер көрсетуі - спорт сияқты маңызды саладағы тиімді реформаның дәлелі. Ол бұқаралық және балалар спортын дамытуға назар аударып, осы негізде әлемдік аренада толағай табыстарға жетуге ұмтылу керектігін атап өтті.