Амангелді Сейітханды еске алуға арналған бильярд турнирі өтті

Амангелді Сейітханды еске алуға арналған бильярд турнирі өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында белгілі спорт комментаторы, талантты журналист Амангелді Сейітханды еске алуға арналған бильярд турнирі өтті. 

Бұл туралы «Қазақ үні»  ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Ақ жол» партиясы ұйымдастырған турнирге ел аймақтарынан он екі командаға бөлінген 40-жуық БАҚ өкілдері қатысты. 


- Амангелді бауырымыз "Ақ жол" Демократиялық партиясына өте жақын болып еді. Партиямыз ұйымдастырған шараларға араласып, оны насихаттауға да көп еңбек сіңірген бауырымыз болды, - деп еске алды саңлақ спорт қайраткерін Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев.

Жарыс нәтижесінде Тараздан келген «Ақ жол» газетінің тілшілер құрамасы Бас жүлдені жеңіп алды. 

Екінші орын алматылықтардың "Алатау" командасының еншісіне тисе, үшінші орынға «Қазақстан» Ұлттық арнасының тастаяқшылары ие болды. 


Турнир барысында Аманкелді Сейітханның рухына құран бағышталып, отбасына құрмет көрсетілді. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнир енді жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрмақ.