«Ақ жол»: Еліміз халықаралық қауымдастық мойындаған екпемен қашан қамтамасыз етіледі?
2021 ж. 01 қазан
1371
0
Мәжіліс депутаты Ғани Хамзин халықты короновирусқа қарсы вакцинациялау мәселесін көтеріп, "Ақ жол" партиясына атынан ҚР Премьер-министрінің орынбасары Е. Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады.
Өткен жылдың маусым айынан бастап Президент Қ.Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігіне коронавирусқа қарсы вакциналарды сатып алуды бірнеше рет тапсырғаны белгілі. Шенеуніктер ресейлік және отандық вакциналар Республика халқын иммундауды толық қамтамасыз етеді деп Президентті сендірді.
Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Қазақстанда жаппай вакцинациялау үрдісі басталды. Алайда оны жүзеге асыру барысын Мемлекет басшысы мен Парламент депутаттары бірнеше рет қатаң сынға алған болатын.
Осылайша, 1 сәуірде Президент бұл тапсырманың бұзылуына көңілі толмады, өйткені екі айда азаматтардың 0,2 пайыздан азы ғана вакцинацияланды. Денсаулық сақтау министрлігі вакцинацияның төмен қарқынының себебі Спутник-V вакцинасының жетіспеушілігі екенін айтты.
5 мамырда Мәжілісте вакцинация қарқынын талқылау кезінде жағдай тағы да сынға ұшырады. Үш айдан кейін халықтың тек 2,2%-ы толық вакцинациядан өтті.
23 маусымда Президент Тоқаев елдегі эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауы аясында вакцинация қарқынын тағы да сынға алды және әкімдерден «азаматтарды вакцинациялау науқанын әкімдердің өздері жүргізулерін» талап етті.
10 шілдеде компания мамыр айында Қазақстан үшін бөлген Pfizer вакцинасының екі миллион дозасын жеткізу үрдісінің бұзылғаны белгілі болды. Мұның себебі осы вакцинаны барлық сатып алушылар үшін стандартты болып табылатын жеткізу және сақтау бойынша кейбір талаптар деп көрсетілді.
Шамасы, осы сынның қысымымен Денсаулық сақтау министрлігі вакцинациялау көрсеткіштерін халықтың жалпы санына (бүкіл әлем бойынша) емес, «вакцинациялауға жататын» халықтың жалпы санына қарай көрсете бастады.
Айта кетейік, өткен жылы Денсаулық туралы кодексін талқылау кезінде алдыңғы Денсаулық сақтау министрі ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін «вакцинациялауға жататындардан» емес, азаматтардың (немесе ұжым қызметкерлерінің) жалпы санының кемінде 70-80%-ын қамту қажеттігі туралы айтқан болатын. Біздің білуімізше, Еуропалық одақта да осындай көзқарас бар.
Осылайша, вакцинацияның қазіргі көрсеткіші «вакцинациялауға жататындардың» 60-70%-ын құрайды, бұл туралы Денсаулық сақтау
министрлігі кеше мәлімдеді, алайда бұл көрсеткіз оптимистік дәрежеге жатпайды.
Халықтың жалпы үлесінің тек 35%-ын құрайды (19 млн халыққа толық вакцинацияланған 6,5 млн адам).
Яғни, Қазақстанға ұжымдық иммунитет деңгейі әлі де төмен.
Осыған байланысты вакцинациялау қарқынын жеделдету мәселесі өткір болып тұр, бұл вакциналарды таңдауды кеңейту есебінен мүмкін болады.
Бұған Мемлекет басшысы ДДҰ мақұлдаған вакциналарды мүмкіндігінше тезірек сатып алуды талап етіп, өз Жолдауында да нұсқады.
Қазақстанға халықаралық қоғамдастық мойындаған және әлем бойынша еркін жүруге құқық беретін вакциналардың жеткілікті санын әкелу халықты вакцинациялауға жаңа серпін бере алады деп санаймыз
Алайда, медициналық мекемелер Президенттің тапсырмасынан бір ай өткен соң да, жоғарыда аталған Pfizer сияқты дәрі-дәрмектермен, тіпті ақылы негізде вакцинацияның басталатын күнін айта алмайды.
Осыған байланысты «Ақ жол» депутаттық фракциясы келесі сұрақтарға жауап беруді сұрайды:
1) Алдыңғы кезеңде жаппай вакцинацияны бірнеше рет бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың бірі жауапкершілікке тартылды ма?
2) ДДҰ және халықаралық қоғамдастық мақұлдаған вакциналардың жеткілікті саны қашан қамтамасыз етіледі?
3) Егер мерзімдер қайтадан созылып кеткен жағдайда шетелге оқуға және іскерлік сапарға шығатын азаматтар үшін мұндай вакцинацияны ақылы негізде ұйымдастыру мүмкін бе? (қолда бар препараттармен тегін вакцинациялауды сақтаумен қатар);
4) Қазақстанның Ұжымдық иммунитет деңгейіне шығуының болжамды мерзімі қандай? (халықтың жалпы санының 70%).
Құрметпен, «Ақ жол» фракциясының депутаттары