Азат Перуашев Жамбыл облысының әкімімен өзекті мәселелерді талқылады
2021 ж. 19 қыркүйек
1184
0
Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев жарылыстан зардап шеккендерге көмек бергені үшін Ақжолдықтарға алғыс айтып, өңірдің жағдайын баяндады.
Бұл туралы «Қазақ үні» ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданына барып, халыққа көрсеткен көмектері үшін "Ақ жол" демократиялық партиясына алғыс айтып, Мәжіліс депутаттарының бірқатар сұрақтарына жауап берді.
Атап айтқанда, облыс басшысы кәсіпкерлерге көмек көрсетуге әлі күнге дейін Қаржы министрлігі тосқауыл болып жатқанын, кәсіпкерлердің өз объектілерін осындай тәуекелдерден өз бетінше сақтандыру қажет екеніне сілтеме жасап жатқанын хабарлады.
- Қалай болғанда да осы жағдайдың себебі мемлекеттік объектідегі ТЖ және кез келген объективті сот бұл жағдайда мемлекеттің жауапкершілігін мойындауға міндетті деген біздің қарсылықтарымызға Бердібек Машбекұлы кеше ғана Үкіметте осындай түсінікке қол жеткізгенін және Премьер-Министр тиісті тапсырмалар бергенін айтты, - деп жазды А. Перуашев телеграм каналында.
Осылайша, жақын арада кәсіпкерлерге зардап шеккен бизнес нысандарын қалпына келтіруге қажетті көмек көрсетілетін болады.
Азат Перуашевтің жазуынша, қалған ғимараттар мен тұрғын үйлерді жөндеу жылу беру маусымына қарай аяқталады, ал қалпына келтірілетін екі мектеп қысқы демалыстан кейін оқушыларды қабылдайтын болады.
Сонымен қатар, кездесу аясында блогерлерге қатысты қылмыстық іске қатысты облыс әкімі полиция органдарының ақпараты бойынша құжаттар сараптамаға тапсырылатынын, сыни сәтте олардың жарияланымдарында дұрыс емес ақпараттың болғанын-болмағанын анықтауы тиіс екенін хабарлады.
"Олардың ешқайсысы күдікті емес", деп сендірді Б.Сапарбаев.
Сондай-ақ, "Ақ жол" ҚДП жергілікті активімен кездесуде көтерілген құрғақшылық және мал шаруашылығы үшін жем-шөппен қамтамасыз ету мәселелері; кәсіпкерлердің мемлекеттік кәсіпорындар арасынан тапсырыс берушілердің жеңіп алған тендерлер бойынша орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу мерзімдерін бұзуы туралы шағымдары талқыланды.
Атап өту керек, фракция депутаттарының бір күндік жалақысынан бөлек, "Ақ жол" демократиялық партиясы Жамбыл облысы Өрт сөндіру қызметінің ардагерлер қауымдастығына 1 млн теңгеден астам қаражат аударғанын, қаза тапқан және жараланған құтқарушылардың отбасыларына көмек көрсету үшін қаражат жинаған болатын.
Бердібек Сапарбаев Үкімет қаза тапқандардың отбасыларына 10 млн теңгеден көмек, облыс әкімдігі тағы 5 млн теңгеден бөлгенін айтты.
Бұдан басқа, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Қаржы министрлігінің қолдауымен қаза тапқандардың отбасыларының барлық несиелері есептен шығарылып, балаларға арналған тұрғын үй және білім беру мәселелері шешілуде.