Қорғаныс министрі Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасымен кездесті

Қорғаныс министрі Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасымен кездесті

ҚР Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов Qazaqstan Ardagerleri қауымдастығының төрағасы, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының Орталық Кеңесінің төрағасы Бақытбек Смағұлмен кездесті, - деп хабарлайды "Қазақ үні".

Әңгіме барысында министрге ардагерлер ұйымдарының Отанымыздың, халқымыздың, жас ұрпақтың игілігі үшін атқарып жатқан қызметтері жөнінде және Орталық Кеңестің жаңа, соны бастамалары туралы толығырақ айтылды.

Министр өз кезегінде ардагерлерге үлкен құрметпен қарайтынын, олардың жағдайына мән беретінін айтып, қолдан келгенше және өзі басшылық ететін министрліктің құзыр-өкілеттігі аясында қажетті көмекті көрсететінін, қолдайтынын жеткізді.

«Қорғаныс министрлігінің есігі ардагерлер үшін ашық. Ендеше қоғамдық бірлестіктерден тиісті бастамаларды күтеміз!» – деп Мұрат Бектанов ардагерлерге сәлем айтты.

Ардагерлердің Қорғаныс министрлігімен бірлескен жұмысы «Жас сарбаз» қозғалысы аясында да жалғаспақ.