Аида Балаева «Қорқыт Ата» телехикаясы шығармашылық тобының мүшелерімен кездесті

Аида Балаева «Қорқыт Ата» телехикаясы шығармашылық тобының мүшелерімен кездесті

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматыда «Қорқыт ата» телехикаясы шығармашылық тобының мүшелерімен кездесті, - деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігі.

Еске сала кетейік, телехикаяны әзірлеу жұмыстарын бастауға келісімдерге осы жылдың сәуір айында өткен Түркияға ресми сапар кезінде қол жеткізілген болатын. 

Министр А.Балаева телехикаяның шығарашылық тобымен кездесуде: 

«Қорқыт ата – түркі әлемінің ең ұлы тұлғаларының бірі, барлық түркі халқына ортақ тұлға, ортақ мұра. Сондықтан бұл туынды тек біздің көрермендерге ғана емес, басқа да елдерде үлкен сұраныс әкеледі деп сенемін. Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерін осы жобаға шақырып, әріптестік орнату жөнінде ұсыныс жасадық. Қазір тиісті келіссөздер жүріп жатыр», - деді.  

Алматыда өткен өтырысқа "Qazaqstan" телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ляззат Танысбай, этнограф-ғалым, өнертанушы Тынысбек Қоңыратбаев, киносыншы Дәрежан Өмірбаев, әдебиеттанушы Әлия Бөпежанова, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры, кинотанушы Гүлжан Наурызбекова, ТМД Журналистер Конфедерациясы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, телерадиокорпорация ардагері Қайнар Олжай, өнертанушы Сағатбек Қалиев, сценарист Бекзат Мырзахмет қатысты.