«Ақ жол» шағын бизнесті тексеруге мораторийді алып тастау мәлімдемесінен бас тартуды сұрайды

«Ақ жол» шағын бизнесті тексеруге мораторийді алып тастау мәлімдемесінен бас тартуды сұрайды

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев ҚР Премьер-Министрі А. Маминге депутаттық сауал жолдап, Қаржы министрлігінің шағын бизнесті тексеруге мораториді алып тастау мәлімдемесінен бас тартуын сұрады. 

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

 «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының бұл депутаттық сауалы Қаржы министрлігінің өткен жылы Мемлекет басшысы енгізген шағын бизнеске тексерулер жүргізуге үш жылдық мораторийді алып тастау туралы таяудағы ұсынысына қатысты біздің наразылығымыздан туындады.

Қаржы министрлігі мұндай ұсынысты кассалық тәртіптің құлдырауымен және бюджетке салық түсімдерінің қысқаруымен негіздегені белгілі.

6 қыркүйекте шағын және орта бизнестің екі жүзге жуық өкілдерінің қатысуымен өткен «Ақ жол» фракциясының кеңейтілген отырысында мұндай ұстаным кәсіпкерлердің наразылығын тудырып қана қоймай, айтылған баяндаманың маңыздылығына сенуге кедергі жасайды.

Шенеуніктер пандемия жоқ, шектеулер жоқ, ШОБ-тің күйремейтін және таңертеңнен кешке дейін бизнесті құлдырататын түрлі тәжірибелер енгізілмеген өзге әлемде өмір сүретін секілді.

ШОБ секторы бойынша салық түсімдері ең алдымен көптеген ШОБ нысандарының жабылғандығынан қысқарды. Сонымен қатар, бұл күйреуге карантиндік шектеулер, жұмыстың екі жылдай уақытқа тоқтап қалуы және клиенттердің болмауы және Қаржы министрлігінің қолайсыз сәтте жасаған тәжірибелері де әсер етті.

Көптеген кәсіпкерлер карантиндік шараларға құқықтық негіз беруді, карантиндік шаралар кезеңінде тексерулер жүргізуге ғана емес, сонымен қатар бизнес үшін жаңа міндеттемелерді, соның ішінде ТІЖ және таңбалау сияқты салықтық басқарудың жаңа тәсілдерін енгізуге тыйым салу керек деп санайды. Мораторийдің күші жойылмасын! – деп кәсіпкерлер талап етеді.

Карантиндік шектеулер шырмалған бизнес екінші жыл қатарынан күресіп келеді. Мыңдаған шағын бизнес субъектілері толығымен жойылды.

Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, кедейлік шегінен төмен тұратын қазақстандықтардың саны өткен жылы 1,5 млн адамға артты. Олардың едәуір бөлігі - банкротқа ұшыраған кәсіпкерлер мен олардың бұрынғы қызметкерлері.

Бірақ Қаржы министрлігі аман қалғандарды аямауды ұсынады. Осы әрекеттен кейін пайда болған жұмыссыздарды қайтесіз? Мемлекет оларға жәрдемақыны неден төлейді? Қаржы министрлігінің мәлімдемесінен бір күн бұрын президент Қ.Тоқаев өз Жолдауында Ұлттық қордың ресурстары шексіз емес екенін атап өтіп, мемлекеттік қызметкерлерді қол қусырып отырмай, Мемлекет басшысының саяси бағытын нақты орындауға шақырған еді. Мемлекет басшысының бастамасны жою туралы ұсынысы осы үндеуге сәйкес келе ме?


Қаржы министрлігінің дәлелдерінен шенеуніктер ШОБ-ті тек сауын сиыр ретінде қарастыратындығын көруге болады.

Бірақ іс жүзінде шағын бизнестің әлеуметтік те, экономикалық та рөлі бар. Шағын кәсіпкерлер - олигархтар немесе жемқорлар емес. Миллиардтарды оффшорға шығаратын олар емес.

Олардың еңбегі - бұл адамдар мемлекеттен ештеңе сұрамайды, өздері жұмыс жасап, халықты жұмыспен қамтамасыз етеді. Оларға үлкен «алғыс» айтып, өз жайларына қалдыру керек.


Осыған байланысты «Ақ жол» демократиялық партиясы Үкіметтен Қаржы министрлігінің мәлімдемесінен бас тартып, кәсіпкерлерді қолдауын сұрайды.

Құрметті министрлерді адал кәсіпкерлерді қорғауға шақырамыз. Көпке топырақ шашпай, алаяқтармен жекелеп жұмыс жасау керек.

Себебі әңгіме өңірлерде өз еңбегімен нанын тауып жүрген миллиондаған азаматтар туралы болып отыр.


Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары