«Ақ жол» ковидтік ауруханаларда медицина қызметкерлерінің штат санының нормасын қайта қарауды ұсынды

«Ақ жол» ковидтік ауруханаларда медицина қызметкерлерінің штат санының нормасын қайта қарауды ұсынды

«Ақ жол» демократиялық партиясына науқастарға толған ауруханаларда медициналық персоналдың жетіспеушілігіне байланысты орын алған жағдай бойынша азаматтар шағым айтып, жүгінуде.

Екінші жыл қатарынан жалғасып жатқан эпидемиологиялық жағдай шиеленісе түсті, ауруханалар мен медициналық қызметкерлер физикалық жағынан да, эмоционалдық тұрғыдан да қажып, соңғы күштерін аямай жұмыс жасауда.

Алайда науқастарды тәулік бойы медициналық бақылауды көздейтін стационарлық емдеу қарастырылған медициналық мекемелердегі штат санының үлгілік нормалары бұрынғы қалпында қалып отыр, бұл қазіргі жағдайда қажеттіліктерді қанағаттандырмайды, сондықтан да шұғыл қайта қарауды талап етеді.

Мысалы, стационарлық бөлімше 25 науқасты емдеуге есептелген, штаттық кестеге сәйкес оларға үш медбике қызмет көрсетеді.

Алайда, осы жазда мұндай бөлімдерде 40-45 науқастан емделді, олардың барлық процедураларын сол үш медбике орындауға мәжбүр. Сонымен қатар, олар 8-10 сағат бойы ауа өткізбейтін арнайы қорғаныс киімдерімен жұмыс істейді, бұл физикалық тұрғыдан өте қиын.

Өз оттегі станцияларымен жабдықталмаған кейбір ауруханаларда (ондай мекемелер көп) сол медбикелер 90 кг оттегі баллондарын кейде 2-3 қабатқа тасымалдауға мәжбүр. Кейбір ер адамдардың өзі жаттығу залында аптасына 2-3 рет осындай салмақты көтере алмайды, ал нәзік әйелдер мұны күнделікті әрі күніне бірнеше рет жасауы керек.

Сонымен қатар, мұндай жұмыстың атмосферасының өзі өте ауыр. Дәрігерлер барлық күш-жігерлерін жұмсап, дәрменсіз күйде өмірмен қош айтысып жатқан пациенттердің арасында тәулік бойы болатынын ескеру қажет. Осылайша дәрігерлер мен медбикелер науқастарға жылы сөз айтып, олардың отбасыларымен байланыста болып, психолог ретінде де қолдау көрсетіп келеді. 

Бірақ сол дәрігерлердің жан айқайын кім тыңдамақ?

     Мұндай жүктеме көрсетілетін қызметтердің сапасына теріс әсер ететініні еске салудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Физикалық шаршау жинақталып келіп, эмоционалды күйзеліс пайда болады.

Өзгерістер тым жылдам орын алып жатқандықтан, қабылдау өткірлігі төмендейді, науқастарға деген жанашырлық сезімі жоғалады, онсыз емдеу ресми көзқарас пен апатияға айналады.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, дәрігерлер мен олардың немқұрайлылығына шағымданған азаматтардың пікірінше, медицина қызметкерлерінің штат санының қолданыстағы нормалары қазіргі жағдайға сәйкес келмейтіндігіне назар аударамыз.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Ақ жол» партиясы дәрігерлер мен кіші медицина қызметкерлеріне түсетін жүктемелерге сәйкес ауруханалардағы медициналық персоналдың тиісті нормаларын қайта қарауды сұрайды.

Құрметпен, «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаттары