Жамбыл облысындағы жарылыстан 4 әскери қызметші қаза тапты
2021 ж. 27 тамыз
1597
0
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде болған жарылыстан 4 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақ үні" тілшісі.
«Ең алдымен осы апатта, өрт сөндіру барысында қаза тапқан 4 әскери қызметшінің жақын туыстарына көңіл айтамыз және жарақаттанған қызметшілерге тезірек сауығып кетулерін тілейміз», - деді ҚР Қорғаныс министрі Жамбыл өңірлік көммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Айта кетейік, кеше сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды.