Президент Давид Дегтяревті Токиодағы жеңісімен құттықтады
2021 ж. 26 тамыз
1039
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давид Дегтяревті Токиода өтіп жатқан XVI Паралимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Давид Дегтяревті Токиода өтіп жатқан XVI Паралимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтаймын7 Бұл алтын медаль – керемет жетістік және табанды жаттығулар мен мұқалмас ерік-жігердің жемісі. Давидке жаңа табыс, ал Паралимпиададағы Қазақстанның барлық спортшыларына сәттілік тілеймін», деп жазды ҚР Президенті Тwitter-де.