МОЙЫНҚҰМДАҒЫ КЕЗДЕСУ

МОЙЫНҚҰМДАҒЫ КЕЗДЕСУ

«Ақ жол» демократиялық партиясының депутаты Азамат Әбілдаев 20-21 тамыз күндері Жамбыл облысының Мойынқұм және Талас ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында «МойынқұмАгро» ЖШС, «Қамқалы» Агрофирмасы ЖШС, «Береке» Агрофирмасы ЖШС және бірқатар шағын жеке шаруа қожалықтарының қысқа жем-шөп даярлау жұмысымен танысты. 

Аталған серіктестіктің барлығы мал шаруашылығымен айналысады. 

Жамбыл облысының ауылшаруашылығы саласындағы ірі жобалардың бірі – Мойынқұм ауданындағы «Мойынқұм Агро» асыл тұқымды мал шаруашылығы. Мұнда қазақтың ақбас сиыры, Әулиекөл сиыры деген тұқымдар бар. Көшпелі өмір салтына көндігетін сиырдың тек бір ғана түрі кездеседі. Оны ғылымда қалмақ сиыры деп атайды. 

«Мойынқұм Агро» ЖШС бас директоры Асқар Ізмағамбетов осы қалмақ тұқымды сиыр басын 5 мыңға жеткізгендігін айтты. 

Бұл тұқымдас сиырды жақсылап жемдесе салмақты тез қосады және климат ауысуына да тез үйренеді екен. Шөп талғамайды, еті басқа тұқымдағы сиыр етіне қарағанда жұмсақ келеді. 

 Құмөзек, Талдыөзек, Байтал, Қамқалы, Қылышбай ауылдарындағы шаруа қожалықтарының жұмысшыларымен кездесуде Мойынқұмның ең басты мәселесі – Радай өзенінің арнасында орналасқан платинаның жөнделу екенін айтты. Платинаның дұрыс жұмыс жасамауынан бұл жердегі көлдердің суының тартылып, халық су тапшылығын көріп отырғандығын жеткізді.

Талас ауданындағы «Береке» Агрофирмасындағы кездесуден кейін Азамат Әбілдаев малшылардың өтініштеріне құлақ асты.