Тамыз айының соңында қазақстандықтар қанша күн демалады

Тамыз айының соңында қазақстандықтар қанша күн демалады

Қазақстанда 30 тамызда Конституция күні тойланады, деп хабарлайды zakon.kz.

Конституция күні - мемлекеттік мереке.

Биыл мереке дүйсенбіге сәйкес келеді. Осыған сәйкес, жұмыс аптасы бес күндік қазақстандықтар бірден үш күн демалады. Демалыс күндері - 28, 29, 30 тамыз.

Жұмыс аптасы алты күндіктер үшін 28 тамыз - жұмыс күні, демалыс күндері - 29 және 30 тамыз.