Азат Перуашев Маңғыстау облысының мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлерімен кездесті
2021 ж. 19 тамыз
2066
0
«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев партияның Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастырған жергілікті мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлермен кездесті.
Жиналыс карантиндік шектеулерді сақтау мақсатымен Каспий теңізіне шыққан кеме палубасында, яғни ашық ауада өтті.
Кездесу барысында Маңғыстау өңірінде болып жатқан біраз атышулы проблемалар талқыланды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығында малдың қырылуы, Жаңаөзендегі мұнай саласында істейтін енбек ұжымдарының ереуілдері, т.б.
Сонымен қатар, басқа да салалар бойынша көптеген өзекті мәселелер көтеріліп, талқыға түсті.
Оның ішінде ауылдарды сумен қамту, экология проблемалары, балалар пен бұқаралық спортты дамыту, ішкі туризмдің перспективалары, мемлекеттік-жекеменшік серіктістігін іске асыру, шетелдік инвесторлардың жергілікті кәсіпкерлерге атқарған жұмысы үшін әділетті төлеуі, сауда мен қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға санитарлық шектеулерінің қателігі, мониторинг топтарының тексеруге деген талғамдылығы, т.б.
Басқосуда сондай-ақ жастар саясаты мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Мәселен, радикалдық діни ағымның ықпалына түсіп, ҰҚК-нің «Жусан» операциясы бойынша елге қайтарылған жасөспірімдерді әлеуметтік ақтау мәселесі көтерілді.
Біраз мәселелерді, менің ойымша, расында үкімет деңгейінде қарастыру керек; солар жайында тиісті сауалдар дайындауды сұрадым.
Кездесу өте ашық, қызықты өтті, жоспарлаған екі сағат орнына төрт сағатқа созылды.