Отандық әуе компанияларға Ауғанстанның үстінен ұшуға тыйым салынды

Отандық әуе компанияларға Ауғанстанның үстінен ұшуға тыйым салынды

Қазақстандық әуекомпанияларға Ауғанстан аумағы арқылы ұшуға тыйым салынды. Бұл туралы "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ ақпарат таратты, деп хабарлайды Қазақ үні.

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ отандық авиакомпанияларға тиесілі азаматтық әуе кемелерінің Ауғанстанның әуе кеңістігін пайдаланудағы қауіп-қатері мен тәуекелдерді басқару бойынша бағалау жүргізді. Нәтижесінде Ауғанстан аумағына және оның әуе кеңістігінде ұшу кезінде жолаушылар мен ұшақтардың қауіпсіздігіне әсер ететін қауіптер мен тәуекелдер бар деп шешім шығарылды, - дейді "ҚАӘ" АҚ баспасөз қызметі.

Бағалау нәтижелері бойынша 16 тамызда "Қазақстанның авиация әкімшілігі" АҚ Ауғанстандағы жағдай тұрақтанғанша тұрақты, жүк және чартерлік әуе тасымалдарын жүзеге асыратын Қазақстан әуе компанияларына әуе кемелерінің бұл аумаққа барлық ұшуларына тыйым салу туралы тиісті нұсқауларды (радиограммалар) жіберді. Дәл осындай нұсқаулық "Қазаэронавигация" РМК-ға да жолданды, - дейді "ҚАӘ" АҚ баспасөз қызметі.