Белгілі журналист Амангелді Сейітхан өмірден озды

Белгілі журналист Амангелді Сейітхан өмірден озды

Белгілі журналист, спорт комментаторы Амангелді Сейітхан қайтыс болды.

Қаралы хабарды әріптесі Жандос Айтбай растады.

«Ол кісі ауруханада көп жатқан жоқ. Кеше жансақтау бөліміне түсті. Бүгін айырылып қалдық. Соңғы күнге дейін жасырып, жаны қиналып жатса да ешкімге білдірмеді»,- деді журналист Жандос Айтбай.

Алматы облысындағы «Хабар» агенттігінің меншікті тілшісі Ардақ Айбарұлы Facebook-тегі парақшасында белгілі журналистің коронавируспен ауырғанын жазды.

«Бұл ажал дегенге шара бар ма? Белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан ағамыздан айырылып қалдық. Мына аты жаман індет ешкімді аямады-ау. Не дерімді білмей отырмын. Дүние - жалған деген осы. Отбасы, туған-туыс, дос-бауырларына қайғыра көңіл айтамын. Иманды болыңыз, жездеке», - деп жазды ол.

«Қазақ үні» редакциясының ұжымы марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Алды пейіш, арты кеніш болып, иман байлығын берсін.