Ақжолдықтар Маңғыстауға 5 вагон шөп жіберді

Ақжолдықтар Маңғыстауға 5 вагон шөп жіберді

Батыстағы ағайынға көмек көрсетуде Оңтүстік өлкесі белсенді. Қуаңшылықтан малы жүдеп, жұт қысқан жұртқа Сарыағаш ауданынан 5 вагон шөп жіберілді. Маңғыстау өңіріне арналған кезекті көмекке «Ақ жол» демократиялық партиясының Түркістан облыстық филиалы мұрындық болды.

Биылғы құрғақшылық ешбір елге оңай соғып тұрған жоқ. Шөптің шығыма да жылдағыдан нашар. Дегенмен, өздерінде бар мәселеге қарамастан өзгеге көмектесуге Сарыағаштықтар белсене кірісті. Ал, «Ақ жол» партиясының Түркістандық өкілдері бұл бастаманы қос қолдап қолдады.8000 дана пресс шөппен 5 вагонды толтырған халық қалаулылары, елдің батысындағы жәйт жандарына батқандығын айтады. 

Сұлтан Көшенов – Түркістан облысы мәслихатының депутаты:

Бүгінге дейін батысқа бұл өңірден 80-нен астам вагон шөп жіберілген. Кезекті игі іске білек сыбана кіріскен «Ақ жолдықтарға» еріктілер де алғысын білдірді.

Бақдәулет Шегірбаев – ерікті:

Вагондар жоңышқа, жантақ, сабан сынды малға жем болар шөптермен толтырылған. Сондай-ақ, белсенділер шығынға ұшыраған шаруаларға көмек мұнымен тоқтап қалмайтындығын жеткізді.