«Ақжолдық» депутат Андрей Линник жұмыс сапарымен Орал қаласында болды

«Ақжолдық» депутат Андрей Линник жұмыс сапарымен Орал қаласында болды

Андрей Линник жұмыс сапарымен Орал қаласына барып, кәсіпкерлермен, сондай-ақ М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректорымен, облыстық мәслихаттың депутаты Нұрлан Серғалиевпен кездесті.

Кездесу барысында ректор өңірдің білім беру саласындағы өзекті мәселелер және пандемия жағдайында жаңа оқу жылына дайындық туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Батыс Газсантех» ЖШС директоры Бекжан Ашығалиев депутатты өңірдің құрылыс және жобалау-құрылыс саласының проблемаларымен, тарихи ғимараттарды жобалау және қалпына келтіру мәселелерімен таныстырды.

«Dariyn Pro Invest Group» ЖШС-дегі кездесу барысында компания қызметкерлері компанияның даму жоспарымен бөлісті.

«Ақ жол» депутатының Қарашығанақ Петролеум оперейтинг басшылығымен кездесуінде әуежай, театр және басқа да маңызды әлеуметтік нысандар құрылысының кейбір проблемалық мәселелері талқыланды.