Алматыда белгілі кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаров қамауға алынды

Алматыда белгілі кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаров қамауға алынды

Parmigiano Group компаниясының басшысы Алмас Әбдіғаппаров екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық сотында айтылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық соттың баспасөз қызметі Әбдіғаппаров "басқалардың сеніп тапсырылған мүлкін заңсыз иемдену немесе жымқыру" бойынша күдікке ілінді деп түсіндірді.

Бір күн бұрын Әбдіғаппаровтың әйелі баспасөз конференциясын ұйымдастырды. Оның айтуынша, Әбдіғаппаров сенбі, 24 шілдеде ұсталған. "Время" газетінің хабарлауынша, бұл іс Esentai City маңындағы виллалардың сатылымымен байланысты. Алмас Әбдіғаппаровтың 420 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінгені атап өтілген.