Олимпиада-2020: Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті

Олимпиада-2020: Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті

Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан қазақстандық Игорь Сон қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол 61 келі салмақта сынға түсті. Оған Юли Ираван (Индонезия), Абдурахим Алсалим (Сауд Арабиясы), Ким Туан Тач (Вьетнам), Шота Мишвелидзе (Грузия), Еичи Итоказу (Жапония), Фабин Ли (Қытай), Чан-Хун Као (Тайбэй), Давиде Рую (Италия) қарсылас атанды.

Қазақстандық ауыр атлет қоссайыстың нәтижесімен 294 (131+163) келіні бағындырды. Алтын медальға қытайлық Фабин Ли мен индонезиялық Юли Ираван талас жүргізуде.