“Ақ жол” партиясының талабы бойынша Үкімет мал азығын арзандатуға 1,7 млрд-қа көмек көрсетуді қарастырып жатыр

“Ақ жол” партиясының талабы бойынша Үкімет мал азығын арзандатуға 1,7 млрд-қа көмек көрсетуді қарастырып жатыр

“Ақ жол” демпартиясының Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбиновтың талабы бойынша Үкімет Қызылордадағы мал азығын арзандатуға 1,7 млрд-қа көмек көрсетуді қарастырып жатыр.

Мәжілістегі "Ақ жол" партиясының депутаты Берік Дүйсембинов 2021 ж шілденің 4 мен13 аралығында Қызылорда облысына іссапармен барған болатын.

Ақжол депутаты Сыр өңіріндегі Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандары мен облыс орталығынан шалғай орналасқан Бөген, Жаңақұрылыс, Шәкен, Асқар, Көктөбе ауылдары мен Жаңақорған кенті, Кейден ауыл округі барып, ауыл халқымен, кәсіпкерлермен, құмда отырған малшылармен жүздесіп, жергілікті жердегі түйткілді мәселелер танысып, халықтың осы мәселерді шешуге арналған ұсыныс-тілектерін тыңдап ақылдасқан еді. 

Кездесуде ауыл тұрғындары басты мәселе қуаңшылық, жайылымдық, шабындық жерлерді суландыру, төрт түлік малға қажетті жем-шөп, жол мәселесі қиындық тудырып отырғанын айтқан болатын. Бүгінгі Сыр еліндегі басты мәселесі қуаңшылықтан болған мал азығының тапшылығы мен су мәселесі болғандықтан депутаттар өздерімен бірге ауыл шарушылық министрлігі мен су комитетінің өкілін бірге алып шыққан еді.

Бүгін осы іссапарда депутаттармен бірге ел аралаған ауыл шаруашылық министрлігінің өкілінен жағымды жаңалық жетті. Қуаңшылықтан зардап шегіп отырған тұрғындардың мал азығына қолдау көрсету үшін Премьер министрдің кеңсесіне жем-шөпті арзандатуға резервтен 1,7 млрд. теңге бөлу туралы қаулы жобасы енгізілген. Көмекке мұқтаж болып отырған Сыр мен Арал халқына бұл қаражат келесі аптада жетеді. 

Өңірдегі ағайынның көтерген мәселелері Үкіметке жетіп, нақты шешімдер қабылдануда.