Полицей киімін киген тараздық жігіт көшедегі адамдарды тонады

Полицей киімін киген тараздық жігіт көшедегі адамдарды тонады

Алматыда жігіт өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, көшеде кетіп бара жатқан адамдарды тонады, деп хабарлады Polisia.kz.

Полиция күдікті Жамбыл облысының 20 жастағы Ш. есімді тұрғыны екенін анықтады. Ол бұрын тонау бабы бойынша сотталған.

Бұл жолы қылмыс әдісін өзгертіп, полицей киімін киген. Артынша өтіп бара жатқан адамдарды тонаған.

"Күдікті ұсталды. Одан полиция формасы тәркіленді, киімді еркін нарықтан сатып алғаны белгілі болды. Алматы аумағында және Алматы облысының шекаралас аудандарында жасалған басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Қазірге дейін оның 5 қылмысқа қатысы анықталды.

Оның әрекеті қылмыстық кодекстің 191-бабы 3-бөлігі ("тонау") бойынша қарастырылып жатыр. Күдікті бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.