Ел болашағы - жастардың еншісінде

Ел болашағы - жастардың еншісінде

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болды. Сапар барысында Е.Қарин Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірқатар кездесулер өткізді.

 Аймақта вакцинацияны, ұлттық халық санағын ұйымдастыру, әлеуметтік маңызды өнімдерге бағаны тұрақтандыру және өзге де өзекті мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар, Президент көмекшісі қоғам белсенділерімен, шығармашылық зиялы қауыммен кездесулер өткізіп, Маңғыстау өңірін дамытудың негізгі тетіктерін пысықтады. Сол сияқты Президенттің жастар кадрлық резервінің өкілдерімен жүздесіп, ел болашағы жастардың еншісінде екені жайында кеңінен әңгіме болды.Жұмыс сапары аясында Е.Қарин Жаңаөзен қаласына, Мұнайлы ауданына, Батыр және Қызылтөбе ауылдарына барып, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар жиындар өткізді.

qazaquni.kz